Ең алдымен кәсіби футболшылар балалардың шығармашылығымен танысып, бірнеше корпустан тұратын балалар үйін аралады, содан соң балалар үйінің тәрбиеленушілерінен құралған шығармашылық ұжымының шағын концертін тамашалады.
Балалар үйінде күрес , бокс, суда жүзу, баскетбол, шахмат сияқты спорттың көптеген түрінен жаттығулар өтеді. Алайда олардың өміріндегі ерекше қызығушылық тудырып отырған - футбол. Бұл жерде әртүрлі деңгейдегі сайыстардан ылғи да жүлделі қайтатын команда құрылған.
Қонақтар балалардың барлығына естелік сыйлықтарын табыс етті. Содан соң Алға балалар үйінің тәрбиеленушілері мен «Ақтөбе» футбол командасының арасындағы матч болды.