Алғабастағы апатты үй сүрілетін болды

Алматы қаласында "Алғабастағы" апатты үй сүріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктегі баспасөз қызметінен. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов хабарлады.

"Құрылыс кезінде құрылыс жағдайының ережесі бұзылған, топырағын нығайту жұмыстары қарастырылмаған, осыған байланысты ғимарат қисайды және топырақ отырып қалды. Комиссия құрылыс жағдайында ереже бұзылғандықтан мердігер компания баспананы қайта қалпына келтіруі керек немесе басқа жерден баспана беруі тиіс деген шешім шығарды", - деді Мәкежанов.

Еске салайық, Алматыда жаңадан салынған үйдің тұрғындары түндеэвакуацияланған болатын. ТЖ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында (Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы) болды. Тұрғындардың айтуынша, толастап жауған жаңбырдан үйдің жертөлесіне су толып қалған. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, үй астындағы жер отырып қалған және содан үй қисайған. Бұл үйде шамамен 200 адам тұрады. Түні бойы оқиға орнында қалалық жедел қызмет өкілдері кезекшілік етті.

"Астана құрылыс" компаниясының бас директоры Бекболат Амантурлин Алматының Алғабас ықшамауданында орналасқан тұрғын үйдің қисаюына қатысты пікір білдірген еді.