Алғаш рет Непал президенті әйел болды


Б.Бхандариді қолдап парламентшілердің  327 дауыс берді, оның қарсыласы Кул Бахадур Гурунг  214 дауыс алды.
Б.Бхандари Непалдың басқарушы Коммунистік партиясының вице-төрағасы болған, ол Рама Баран Ядавтың орнына президент болмақ.
Рама Баран Ядав 2008 жылдан бері президент болған.
Жаңа конституцияға орай парламенттік республика Непалда президент орны салтанатты лауазым ретінде саналады.
Б.Бхандари саясатқа жас кезінен бері араласа бастаған, ол елдегі монархияны құлату үшін күрескен.