Алғашқы баспа кітабы 14 млн доллардан астам бағаға сатылды

Белгісіз қалуды жөн көрген сатып алушы әлемдегі ең қымбат баспа кітаптың иесі деп аталу құқығына ие болды.

Библия діни жырларының аудармаларын қамтитын кітап Массачутес штатында Кембридж пуритандық қауымдастығында 1640 жылы басып шығарылған.

Ол АҚШ аумағында типографиялық жолмен дайындалған алғашқы кітап болып саналады.

Бұл кітаптың барлығы он бір данасы сақталған. Олардың екеуі Бостонда Олд Саут шіркеуіне тиесілі. Шіркеу құдайға құлшылық етуге қаражат табу үшін кітаптың бір данасын шешу туралы шешім қабылдаған.