Күндіз басталған жаңбырдың соңы қарға ұласқан болатын. Соның салдарынан қалада жүздеген ағаш сынып, электр және телефон желілерін зақымдады. Кейбір көше бойында морт сынған ағаш бұтақтары жолды жауып, біраз уақыт қозғалысты тежеді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің берген мәліметі бойынша, 7 автокөлік тал астында қалған.