Алғашқы жалақысын әкесінің қажылығына жұмсаған спортшы

23 жастағы футболшы өзінің жанкүйерлерімен ашық әңгімелесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Футболшының әлеуметтік желідегі жанкүйерлерін оның «Париж сен-Жермен» сапында болған уақыттағы алғашқы жалақысын қайда жаратқаны қатты қызықтырғанға ұқсайды. «Алғашқы жалақымды ала салысымен әкемді қажылық сапарға аттандырдым. Қажылық оның көптен бергі арманы болатын»,- дейді бұл теңбіл доп шебері.

Мамаду Сако Парижден кедей ауданда өмірге келген. Кейін ол өзінің жасыл алаңдағы шеберлігінің арқасында француздардың ұлттық қаһарманына айналды, деп жазады
muslim.kz.