Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімнің айтуынша, 2020 жылдың 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылып, секундына 120 текше метрлік су өткізу қауқары бар Орталық Бетпақдала коллекторынан секундына 180 текше метр су ақты.
Соның салдарынан Мақтаарал ауданының елді мекендеріне су келіп, төтенше жағдай орын алды. Бүгінгі таңда 31 606 тұрғын 14 елді мекеннен эвакуацияланды. Оның ішінде 6 127 тұрғыны бар 5 елді мекенді су толығымен басты. Бұл - Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, Фердоуси, Өргебас және Достық елді мекендері. 7 елді мекенде су басу қаупі әлі жоғары. Ал екі елді мекенде Мырзакент және Ақжол мекендерінде қауіп сейілді. Тұрғындар үйлеріне қайтты, - Өмірзақ Шөкеев.
Оның айтуынша, әсіресе 15 мың халқы бар Мырзакент елді мекеніне су жібермеу амалдары қарқынды жасалды.
Шұғыл түрде 2 мамырда Мақтаарал ауданында жергілікті ауқымдағы сипатты төтенше жағдай жарияланды. Жедел штаб құрылды. Апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 986 адам, 190 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Қызызорда, Жамбыл облыстары мен Шмкент қаласынан 30 мотопомпа жеткізілді. Мұнан бөлек, Ұлттық ұланның әскери бөлімінен 413 әскери қызметші мен 37 техника тартылды. Қосымша Алматыдағы Ұлттық ұланның құтқару батольонынан 320 әскери қызметкер, 26 техника келуде
, - деді әкім.
Сондай-ақ, өңір басшысының айтуынша, Атакент кенті мен Мақтаарал, Жамбыл ауылдық округтерінде мектептердің базасында 14 қабылдау-эвакуациялық пунктер ұйымдастырылды. Қазіргі таңда 3 200 адам орналастырылды. Қалғандары туған-туыстарының үйлерінде. Қабылдау-эвакуациялық пункттері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қазіргі карантиндік жағдайды ескере отырып, 120 медицина қызметкері көмек көрсетуде.