Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші әрдайым жақсы сезіну үшін үлкен еңбек қажет дейді.
"52 келдім. Өзімді өте жақсы сезінемін, әлі жап-жаспын, көңіл-күйді әрдайым көтеріңкі ұстаймын. Әрине оның бәрі еңбек, денсаулыққа алдын ала әрекет жасаңыз, керек дәрумендерді қабылдаңыз, су ішіп, тамағыңызды жеңілтетіңіз, жас келген сайын ауыр тағам жемеңіз. Көп қозғалып, күлімдеп жүріңіз. Сонда бәрі жақсы болады", деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, әнші бұған дейін әлемді тамсандырған Димаш Құдайбергенге қисынсыз сын айтып, басы дауға қалған болатын.
Халықтан артық сөз естігісі келмеген әнші инстаграмдағы парақшасына пікір жазбайтындай етіп қойған.