Әли Оқапов алғаш рет ұлы, отбасы туралы айтты

Әли Оқапов журналисттің "Енді бала тәрбиесі бар. Шығармашылыққа үлгеріп жатырсыз ба?" деген сауалына жауап берген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Шыны керек, қиын. Алғашқы сәби болғандықтан көп күткеннен соң 24 сағаттың 29-ын бергің келеді. Бірақ жұмыс бар. Ұйқы жоқ. Оңай емес. Роза Рымбаеваның немересі біздің үйде. Ол - өте үлкен жауапкершілік. Қандай жұмыс болмасын ең бірінші сол қырқынан аман-есен шығарып, денсаулығын мұқият қадағалаумен айналысудамыз", - деген ол.

Айта өтейік, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның үлкен ұлы, әнші Әли Оқапов 2020 жылдың тамыз айында "Асыл" тобының солисі Ақерке Бүркітбайға үйленген.


Loading...