Әли Оқапов анасының тегінен не себепті бас тартқанын түсіндірді

Әли өмірінде үш рет тегін ауыстырыпты. Алғашқысы Оқапов, екінші тегі Тасқынұлы, кейін әкесі бақилық болған сәтте құжатын Рымбаевқа өзгерткен.

“Саған көмек болады, мен әрқашан жаныңда жүрмеймін дегендей анам сондай шешім қабылады. Енді, қиын замандардың бәрі өтіп кеткен сияқты. Сондықтан, мен өз тегімді қайтып алсам, қарсы емессің бе дегендей ой жеткіздім. Әрине анам қарсы болған жоқ”, – дейді Әли.

Ал, төлқұжатына анасының тегін жазған Мәдидің таңдауын ағасы былайша түсіндіреді.

“Мен Рымбаев болған кезде Мәди де дүниеге келді. Сондықтан Мәди де автоматты түрде Рымбаев болып кетті бірден. Бізде күткенбіз мүмкін 16 жасында ол да ауыстыра ма дегендей. Өзі шешсін деп”, – дейді Оқапов.

Бірақ Роза ханымның кенжесі тегін ауыстырмады! Мәди бүгінде Рымбаев тегімен тыңдарманына танымал.


Оқи отырыңыз:

Шымкенттік күйеуден Құдай сақтасын – Баян Алагөзова

Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзованың жаңа фильміне түсуі мүмкін