«Әлі сене алмай тұрмыз»: Төреғали Төреәлінің қарындасы мен күйеуі жесір әйел мен балаларына су жаңа үй сыйлады (ВИДЕО)

Мұндай жаңалығымен белгілі блогер өзінің желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz.

Фариза Төреәлі мен оның жолдасы желіде қандай сезімде тұрғанадарын да жеткізген.

«Алланың қалауымен ешқандай сбор жасаған жоқпыз, Алланың қалауымен мұқтаж отбасыға, жалғызбасты анаға үлкен қуаныш сыйлағалы отырмыз, үй алып беріп жатырмыз. Осыған жеткізген Аллаға мың да бір шүкір дейміз. Қазір ол кісі келеді, біз күтіп тұрмыз. Сене алмаймыз, осының бәрі болып жатқанына», - дейді Фариза Төреәлі мен оның жұбайы.

Желі қолданушылары Рамазан айындағы мұндайы қайырымдыдық іске риза болған. Олар: «Жарайсыздар, ниеттеріңіз қабыл болсын», «Мықтысыздар, Алладан сауап жинаңыздар», «Өте қуаныштымын, мына кісіні көріп бір жылап алдым», «Алла разы болсын сіздерге, жетімдер жыламасын» деп жазды олар.


Loading...