Әліби тірі. Қайтыс болған басқа адам

Жұма күнінен бері менің бүкіл әлеуметтік желідегі парақшам қызыл жүзді біреу мен оның жақтаушыларының «Әліби, өмір сүр!», «Әліби, біз сенімен біргеміз!», «Мен Әлібимін!» деген айқайлармен толып кетті.  Дәл осылай жұлдыздардың бәрі дерлік, спортшылар, саясаттағылар, бизнесмен мен қарапайым халық та жазып жатыр. Адамдардың шынында да, Әлібиге жандары ашып, барынша демеу болып жатқанына қуаныштымын.  Жағдайы аса жаман болмаса да. Ол Құдайға шүкір – тірі. Оның ісін бақылауда ұстап отыр. Адамдар психологтың шығынына деп ақшалай да жәрдем беріп жатыр, бұл жайлы Facebook-тағы  За тебя, Баке парақшасында хабарлайды.

Бірақ, достар, біз басқа оқиғаны ұмытып кеттік. 60 жасында қара жұмыс істеуге мәжбүр болып, дүниеден озған оқиғаны. Ол адамның есімін ешқайсыларың да білмейсіңдер, тіпті мен де. Тек 60 жаста екенін ғана білемін. Оның артында солар үшін жұмыс істеп, еңбек еткен отбасы қалды.

Оның отбасына материалдық тұрғыдан көмектесуді ешкім ойына да алған жоқ. Базис те көмектесе ме екен, оны білмедім. Оның үйі, BMW X6, отбасында басқа асыраушылары бар ме екен? Ол адам болса жұма күні опырылып қалған көпірдің астында қалды.


Әлібидің ісін барлық бақ-құралы, журналисттер, прокурорлар өз бақылауларына алып отыр. Ал мына жақта адам өліп қалды, бірақ ешбір прокурор, депутат, жұлдыздар да өз ойларын білдіріп, жеке бақылауларына алған жоқ. Тіпті жағдайды анық та жеткізген жоқ. Қаржылай көмек көрсетуге есепшот та ашылмады. 

Аударған: Гүлім Тоқтарбаева