Әліби Жұмағұловтың танысы оның үстінен полицияға шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
"2016 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қалалық ІІД-ге А есімді азаматша танысы Әліби Жұмағұловтың үстінен көлігінде қалып қойған ноутбугін қайтармай жүргеніне шағымданған. Алғашқы тергеу шараларының барысында ноктбук иесіне қайтарылды, ал қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тергеу тоқтатылды", - деп хабарлады Астана ІІД өкілдері.
Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғу оқиғасына байланысты атышулы іс 2015 жылдың сәуірінде шыққан болатын. Сол уақытта жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіде баласын елордалық белгілі бизнесмен Қайрат Жамалиев ұрып-соқты деп, суреттер жариялаған еді. Кейін Қайрат Жамалиев қамауға алынып, сотталған. Сот Жамалиевті 13 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеген болатын.