Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы атанды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда Қазақстан гимнастика федерациясының есептік-сайлау конференциясы өтті. Оған Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты.Конференция барысында федерацияның есепті кезеңдегі жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы уақытқа арналған даму жоспарлары мен стратегиялары талқыланды. Күн тәртібіндегі басты мәселе спорт ұйымының президентін сайлау болды. Конференция қатысушыларының бірауыздан қабылдаған шешімімен Әлия Юсупова федерация басшысы қызметіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.

Айта кетейік, Әлия Юсупова 2021 жылы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті қызметіне келген еді.