Мұнай бағасы ақпанда бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан асты. ОПЕК-ке мүше емес мемлекеттердегі мұнай өндіру мөлшері 2007 жылы тәулігіне 1,1 млн баррель деңгейіне жетеді деп болжам жасалуда, 2006 жылдың ортасында байқалған өндіру деңгейінің өсуі жалғасуда. IEA сарапшыларының пікірлерінше, АҚШ пен Қытайда өсу қарқыны төмендеуі мүмкін.
ОПЕК елдерінен шикі мұнайдың тасымалдануы ақпанда тәулігіне 125 мың баррельге төмендеп, 30,2 млн баррельді құраған. 2007 жылы мұнайға деген әлемдік сұраныстың өсуіне қатысты жасалған болжам - 1,8 пайыз деңгейінде, тәулігіне 86 млн баррельді құрап, өзгеріссіз қалып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті