Алимент төлемеген 184 тұрғынға елден сыртқа шығуға тыйым салынды - СҚО


деп хабарлады облыстың Сот актілерін орындау департаментінен.

Қазіргі уақытта өңірде алимент бойынша қарыздарды өндіріп алу бойынша айлық өтуде.

«Айлық кезінде борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, олардың елден сыртқа шығуларына тыйым саламыз. Сонымен, биыл 184 солтүстікқазақстандық шекарадан тыс жерлерде демалуға шыға алмайды. СҚО сот приставында орындауда 6 мыңнан астам құжат жатыр. 2014 жылдың басынан бастап оның 300-і аяқталды. Ата-аналарының балаларына қарызы шамамен 80 миллион теңгені құрайды», - деді СҚО САОД алименттік төлемдерді өндіріп алу бөлімінің басшысы Қарлығаш Абаева.

СҚО сот орындаушылары «Қарызсыз алимент» акциясына мектеп оқушыларын тартты. Олар қала орталығының көшелерде жүргіншілерге ақпараттық буклеттер таратты.

«Меніңше, балаларға ата-аналарының көмегінсіз оңай емес. Егер оларды тастап кетсе, алимент төлеулері тиіс. Балалар дұрыс киінгісі, түрлі үйірмелерге қатысқысы келеді, білім алғысы келеді. Ал, ең бастысы ата-аналарымен бірге тұрғысы келеді», - деді Петропавл қаласының №40 орта мектебінің оқушысы Людмила Мопышева.