Қала прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan меморандумға қол қойды. Аталмыш құжат гиг-экономикадағы көлеңкелі табысты бақылауға алады. Caravan.kz медиа порталының тілшісі толығырақ түсіндіреді.
Материал басында гиг-экономика ұғымына тоқталып кетейік.
Гиг-экономика - жұмыс пен табыс табудың дәстүрлі емес, икемді формасы. Қазақша түсіндіріп айтсақ, «гиг» ағылшын тілінен аударғанда «тапсырыс» дегенді білдіреді. Яғни, қызметкерлерді жұмысқа ресми қабылдамай, жек жобалар мен тапсырмаларды сырттан атқаратын жұмыс түрі. Бұл жүйе еркін табыс экономикасы деп аталады. Мысалы, такси қызметі, курьерлік жеткізу, фриланс жобалар.
Бұрын алимент төлемейтін азамат ресми түрде «жұмыссыз» саналып келді. Шындығында такси арқылы ай сайын 300–500 мың теңге табыс табады. Бұл ақша жеке сот орындаушыларына көрінбейтін, өйткені барлық табыс қосымша ішіндегі есеп-шот арқылы өтетін.
Енді қалай жұмыс істейді?
Меморандумның нақты қалай жұмыс істейтіні жарияланған жоқ. Десе де, негізі - прокуратура мен агрегатор деректері біріктіріледі деген болжам бар.
Алгоритм бойынша, прокуратура алимент төлемей жүрген борышкерлердің тізімін Yandex базасы арқылы тексереді. Ал жүйеде «жұмыссыз» жүрген азамат бір айда 150 сапар жасап, 450 000 теңге табыс тапқаны туралы ақпарат шығады.
2025 жылы бұл схема пилоттық режимде іске қосылған. Сол аралықта 110 «жалған жұмыссыз» анықталған. Оның 57-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 10 адамға қылмыстық іс қозғалды.
Алдағы уақытта не болады?
Такси «цифрлық рейдтің» тек бастамасы болуы әбден мүмкін. Сондықтан оқиғалардың мынадай даму сценарийін болжауға болады:
1-қадам: тәжірибені бүкіл Қазақстанға тарату. Қазір пилоттық жоба тек Алматыда іске қосылған.
2-қадам: курьерлік қызметтерді қосу (Glovo, Wolt). Бұл салаларда да ресми түрде «жұмыссыз» борышкерлер табыс табуы мүмкін.
3-қадам: қарызды автоматты түрде ұстап қалу. Болашақта таксистің немесе курьердің табысынан қарыз сомасының бір бөлігі автоматты түрде ұсталып отыратын алгоритм енгізілуі ықтимал (бөлшек саудадағы салық механизмі сияқты).
Осылайша цифрландыру елдегі ең танымал қосымша табыс түріне де жетті. Такси арқылы табысты жасыру енді мүмкін емес. Не балаңа төлейсің, не қылмыстық жауапкершілікке тартылуың мүмкін. Прокуратура бәрін көріп отырады.
Әлемдік тәжірибе
АҚШ. Егер алимент бойынша қарыз 2500 доллардан асса:
Франция. Мұндағы басты қағида – «Бала күтпеуі керек».
Оңтүстік Корея. Бұл елде басты құрал – репутация.
Италия. Италияда алимент тек балаларға ғана емес, бұрынғы жұбайына да төленуі мүмкін, егер ажырасудан кейін өмір сүру деңгейі төмендесе.
Қытай. Егер борышкерлердің «қара тізіміне» енсең:
Қазақстанның әдісі басқаша. Біз «цифрлық бақылау» жолын таңдадық. Мемлекет кәсіби лицензияларды тартып алмайды, пойызға мінуге тыйым салмайды. Алайда борышкердің әрбір теңгесін бақылап, банктер, такси сервистері, букмекерлер және өзге де базалар арқылы көре алады.