Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Prosports.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
28 наурызда Канаданың Квебек қаласында өтуі керек болған турнирлердің бірінде кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылар - орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) және екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) жекпе-жек өткізуі керек еді.
Жәнібек бұрын тек өз отанында жұдырықтасқан, жеңілмеген ганалық Исса Самирмен (18-0, 15 КО) қолғап түйістіруді жоспарлады. Ал Айдос Ербосынұлы канадалық Тим Кронинмен (12-4-2, 3 КО) жұдырықтасуы керек еді.