"Чарломен жекпе-жекке шығып, WBC чемпионы атағын алғым келеді! Бұл айтарлықтай жеңіл жұмыс! Бәрі біледі, бұл жеңіл жұмыс десем, демек шынымен жеңіл, Иншалла!" - деп жазды Жәнібек Твиттерде.
Еске салайық, бұған дейін орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ресми түрде WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы деп танылғаны хабарланған болатын.