"Әліппе" қайта оралды: Қазақстанда білім күні қалай өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл 7,4 мыңнан астам мектеп өз есігін айқара ашты. Онда 3,4 миллион бала оқиды.

Білім және ғылым министрлігі пандемия кезінде мектептерде білім алудың жаңа ережелерін әзірледі. Білім күніндегі дәстүрлі сап түзеу шарасы тек бірінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен өтеді деп шешілді. 2-11 сынып оқушылары үшін сынып сағаттары өтті.

Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі бірінші сынып оқушыларына "Әліппе" тапсырылды.


Sputnik Қазақстан Білім күніне арналған іс-шараға қатысты. Ол қалай өткенін біздің видеодан көріңіз.