"Аль-Каида" еуропалық темір жолдарда терактілер жоспарлауда - БАҚ

"Аль-Каида" террористік ұйымы Еуропадағы жүрдек темір жолдарды өзінің жаңа нысанасы ретінде таңдаған, деп Германияның "Бильд" газеті мәлімдеді.


           Террористік топ темір жолды, жерасты жолдарын, электр сымдарын жарымақ, деп басылым Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің мәліметіне сілтеме келтірді.
           Германияда темір жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданған. Атап айтқанда темір жол учаскелері мен маңызды станцияларды штаттық киім киген полиция қызметкерлері бақылауға алды.
           Ақпарат «Аль-Каида» лидері Айман аз-Завахиридің әлемнің түрлі елдеріндегі ұйымның әскери топ басшыларымен интерактивті конференциясын тыңдау нәтижесінде алынған.