Алкоголь өнімдерін жарнамалайтын жүзге жуық сайт заңсыз деп танылды

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру нәтижесінде Қазақстан аумағында шетелдік 92 сайттың алкоголь өнімдерін жарнамалайтыны анықталған.

«Сот шешімі бойынша оларлың бәрі де заңсыз деп танылды», - делінген хабарламада.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға сәйкес Қазақстанда 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап спиртті ішімдіктерді жарнамалауға тыйым салынған.