Сөзінше олар өздерін «намаз оқимын» деп өзгеден биік санайтын көрінеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналист өзі де талай рет мұндай адамдарға алданғанын жасырмаған.
«Алла» деп жүріп алдайтындар көп. Және халық соларға тез алданады. “Намаз оқиды” екен деп өзгеден жоғары қояды. Діндарлығына сенеді. Жәй ғана базарға барсаңыз толып жүр. Өзім де талай алданғанмын.
Намаз оқып жүріп ішіп, екіжүзділікке баратын, арсыздау азаматтарды да білемін.
Намаз оқитын, бірақ салақ, ұрысқақ, балаларына үнемі айқайлап жүретін, аулаға шықса, баламен де басқамен де шаруасы жоқ телефонына телміріп отыратын әйелдерді де көріп жүрмін.
Ринаттың айтқан сөзіне емес, осындай фактілердің болуына ренжуіміз керек сияқты», - деп жазды ол.