Алла Пугачева мен Максим Галкин некелесті

Ресейлік әртістер Максим Галкин мен Алла Пугачева он алты жыл қарым-қатынаста болып, алты жыл бірге тұрып, некелесті.

Олар бұл жағымды жаңалықты Instagram желісі арқылы хабарлаған.

"Өмірімнің соңына дейін алғашқы некем үшін өкініп, Құдайдан кешірім сұрайтын боламын. Бұл ойланбай, аяқ асты жасалған, аңғал қадам болды. Шайтан азғырды. Құдайға шүкір, екінші рет некелесуге болады. Бүгін ойланып-толғанып, махаббат жолында дұрыс шешім қабылдадым, өмірімнің соңына дейін адал боламын", — деп жады Алла Пугачева Филипп Киркоровпен алғашқы некесін еске алып. 

Максим Галкин некелесу сәтінің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасына салды.