деп хабарлайды Ресей жаңалықтар қызметі.
Мереке Мемлекеттік Кремль сарайында Кристина Орбакайтенің "Поцелуй на бис" атты жеке концертінде атап өтіледі. Және де, Орбакайтенің өзі айтқандай, шоу күні анасының туған күнімен кездейсоқ сәйкес келіп қалған.
«Ешкім сене қоймас, бірақ мен 15 сәуірді шынында да кездейсоқ таңдап алдым. Күзде жеке концерт беремін деп ұйғарып едім, ал Мемлекеттік Кремль сарайында іс-шара өткізуге бір жыл бұрын кесте жасалады. Оның осы күні бос болуы жәй ғана сәттілік. Тағдыр талқысы болса керек, және анам да бұл сәйкестікті шын жүректен құптады», - деп хабарлайды әртістің баспасөз қызметі оның сөзінен үзінді келтіріп.