"Алла ұлық": Сәкен Майғазиев тұңғыш немересіне қандай есім қойғанын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"АЛЛА ұлық! Әдиямның аман-есен аяқ-қолын бауырына алғанына шексіз шүкірлік етемін. Құттықтауларыңыз бен ақ тілектеріңізге мың рахмет! Бізге не тілесеңіздер АЛЛА тағала өздеріңізге еселеп берсін. 
Анашымды шөбересімен құттықтай келгем. "Шөбереңіздің атын өзіңіз қоясыз ба?, - десем, "Өздерің қалаған есімді қойыңдар, батамды бердім, разымын", - дейді.

Отбасымыз таңдаған 7-8 есімді бір жариялап көрейін: "Әйбике", "Әйкен", "Ақнәзік", "Бөрте", "Айым", "Әсел", "Әсем", "Әдемі", "Әдемау"... Сіздер қандай есім ұсынар едіңіздер?", - деп жазды ол.