Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Жақсы жаңалығымен продюсер өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
"Рабия-Сұлтан немереме осы әнді арнап едім, тыңдап көріп бағасын бере кетіңіздер! Оқып отырған әрбіріңіздің шаңырағызда ұрпағыңызбен мақтан етер той болсын!
Көбіне елдер маған ырымдап, қыздарын ұзатқызып, бесікке салдырып не тұсауын кестіріп жатады ғой, бәлкім бұл ән сіздің де ұрпағыңыздың бесікке салу не тұсау кесер тойыңызда шырқалып қалар деген үміттемін. Өсіріп отырған, үміт артқан ұл-қыздарымыз, үлкен әулетті отбасына айналуын Алла қабыл етіп, көрер жақсылықтарымыз көп болсын!
Аллаға сансыз мадақтар болсын, тойымыз ойдағыдай өтіп, келген қонақтарымыз үйлеріне аман-есен оралды. Сіздердің бізбен болып, өз отбасыларыңыздың тойындай біріңіз талқылап, біріңіз ізгі тілек айтып отырғандарыңызға да үлкен рақмет!", - деп жазыпты ол.