Әлеуметтік желіде тарап жатқан видеода халал тойда жас жұбайлардың ортаға жар-жар әнінің орнына оқылған құранның сүресімен шыққаны көрсетілген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Ал тойға жиналған әйелдер мен ер адамдар екіге бөлініп, жамағатпен шам намаз оқыған.
Желі қолданушылары той иелерін "адасқан діншілдер" деп атап, оларға намазды мешітте оқуға кеңес беруде.
"Беті аулақ, не істерлерін білмей жатыр", "Болашағымыз қандай болады, қорқынышты", "Алланы әбден мазақ етті", "Құран бұларға мазақ болды ғой, Құдай төбелерінен қос қолдап ұрса екен", "Мешітте жасамай ма тойды, ресторан таза жер емес қой", "Намазды үйде немесе мешітте оқу керек", - деп жазды желі қолданушылары.