Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Елімізде болған дүрбелең кезінде түсірілген түрлі видеолар әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Солардың бірі, ҚР Алматы мәслихат депутатының елді тыныштыққа шақырып, "Аллаху әкбар" деп тәкбір айтқаны қызу талқыға түсті.
Біз - Ислам мемлекеті емеспіз, дейді заңгер.
"Біз Такибиристер елі ме едік?! Әлде Исламистер елі ме едік?
“Такбир” , “ Аллаһу Акбар” депутаттың айтатын сөзі ме?
ҚР Алматы мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шұғыл түрде тергеуге алу керек!
Елдің тәуелсіздігіне сатқындық жасағандар, өздерінше халифат құрғысы келгендердің ешқайсын аямау керек!", деп жазды ол.
Еске салсақ, елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскерилер мен тәртіп сақшылары зардап шекті. Ал, бүлкішілер арасында террористер болғаны мәлім болды. Бір ғана Алматы қаласына 20 мыңдай лаңкес шабуыл жасаған.Олар әкімшілік ғимараттарды қиратып, дүкендерді тонады, өртеді. Президет Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарға дейін елде төтенше жағдай жариялады.
ВИДЕО мына сілтемеде: https://www.facebook.com/100007981087790/videos/946303456320423