Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Шымкент қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов Instagram желісіндегі парақшасында оқиғаның мән-жайын баяндаған.
"53 жасар әйел қан қысымын төмендету үшін интернеттегі кеңестерге сүйеніп, «куркума» мен «алма сірке суын» (яблочный уксус) ішкен. Нәтижесінде, анафилактикалық шокқа түсіп, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Диагнозы: Лайелла синдромы – аллергиялық буллёзды дерматиттің ең ауыр түрі. Науқас 2 күн бойы өте ауыр жағдайда жатты, бүгін ғана есін жинады.
Құрметті достар, халықтық емдеу әдістері кейде тиімсіз болып, денсаулығыңызға үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Сақ болыңыздар, бұл науқас аман қалды...", - деп жазды ол.