Жігіт жаңғақ майымен сэндвич жегендіктен қыздың аллергиясы ұстап қалды, деп хабарлайды Stan.kz
Жігіт қыздың жаңғақ дәніне аллергиясы барын білмеген. Қыздың анасы осындай жағдайға тап болмау үшін сақ болуға шақырады.
Қыздың өлімі жайлы анасы Мишлен Дюкрэ айтып берді.
«Мириамның арахиске аллергиясы бар еді. Ол сүйіктісімен сүйіскен соң тынысы тарылып, жағдайы нашарлады» - деді анасы.
Бойжеткен жігіттің арахис майымен сэндвич жегенін білген соң жедел-жәрдем шақыртады. Мириамды ауруханаға апарар жолда жағдайы төмендеп, тыныс алу мен жүрек жұмысы нашарлайды. Бойжеткен аурухаға жеткен бойда көз жұмды. Тексеру нәтижесінде бас миының ауыр аннексиясы анықталды. Бұнайда ауа басқа жетпей қалады.
Тамақ аллергиясы - бұл аллергиялар ішіндегі ең көп тараған түрі. Оған жаңғақ дәні, теңіз тағамдары мен цитрусты жемістер, бал мен сүт жатады.
Ал, аллергияның ең қауіптісі - анафилактикалық шок. Ағза аллергенмен әрекеттескенде бірден сезімталдыққа бой алдырады.