"Біз іс жүзінде осы жерде 80-ші жылдардың аяғынан бері тұрып жатқанымызға қарамастан, 1999 жылдан бері ғана заңдастыра бастадық. Бізді Қазақстанның түкпір-түкпірінен тектен -текке жинаған жоқ, бірақ, күні бүгінге дейін осы жерде заңсыз тұрып жатырмыз. 1999 жылы біздің жерді заңдастыру жөнінде облыстық мәслихаттың шешімі шыққан, әйтсе де ол күні бүгінге дейін жарым-жартылай ғана жүзеге асырылды. Қазіргі жағдаймен біз ауылдық округтің шаруашылық кітабына жазылғанбыз, техникалық төлқұжатымыз бен біз тұратын үйлердегі пәтерлерге берілген ордерлеріміз бар, бізге ауыл деген мәртебе берді, бірақ, біз жүріп-тұрып жатқан жер өзімізге тиесілі емес", - деді А. Нұрғалиева.
Оның айтуынша, ауылда тұратын қолөнершілер " 8 жылдан бері Қарасай аудандық әкімшілігінің есігін тоздырумен жүр". "Біз үшін ең бастысы - ауылдың шекарасын заңдастырып алу. Бізге ауыл деген мәртебе бергенімен, шекарамызды белгілеп берген жоқ, ал бізден кейін құрылған Ұлттық саябақтың шекарасы бар", - деді А. Нұрғалиева. Оның айтуынша, Қарасай ауданының әкімі Құтпанов бүгінгі күнге дейін қолөнершілермен жүздесуге уақыт таппай, оларға қатысты мәселенің шешімін өз қарамағындағыларға қарай ысырумен келеді.
"Біздің шешімімізді пайдаланып кейінгі жылдары жолды бойлай пайда болған дәмханалар мен мейрамханаларды заңдастырып жатыр, ал бізді заңдастырмайды", - деді ауыл тұрғыны. "Біз заңды тосып жүргенде біздің ауылға ешбір қатысы жоқ адамдар үйлер салып жатыр, ал біз бес үйдегі шағын пәтерлерде тұрып жатырмыз. Бізде 54 отбасына тиесілі небәрі 5 гектар ғана жеріміз бар", - деді А. Нұрғалиева. Оның пікірінше, "құрылыс салып жатыр деген сөз, тұрғындары 20 жылдан бері күтіп жүрген жерге әлдекім көз тігіп отыр дегенді білдіреді".
"Қазіргі жағдаймен біз жердің геодезиялық жоспарын жасап, облыстық жер комитетінде ауылдың шекарасын белгіледік. Жергілікті әкім Дәуренбеков бес адамнан құралған заңдастыру комиссиясы құрылып, ол мәслихаттың отырысына жуырда шығарылдатын акт жасайды деген еді, бірақ бүгінгі күнге дейін ештеңе істелген жоқ", - деді А. Нұрғалиева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті