Алма Шалабаева жұмада Римге келеді деп күтілуде

деп хабарлады оның қорғаушыларына сілтеме жасай отырып итальяндық телевизиядан.

Қорғаушылардың айтуынша, А.Шалабаева римдік "Фьюмичино" әуежайына қызы Алуа Әблязовамен Франкфурттен келетін рейспен келмек.

Заңгерлер оның Римге келген соң қайда баратындығын айтпады, бірақ М.Әблязовтың жанұясының кейбір мүшелері Швейцарияда тұрып жатыр, деп еске салып өтті.

Қорғаушылар атап өткендей, А.Шалабаеваның Италия аумағына келуі итальяндық СІМ басшысы Эмма Бониноның үлкен еңбегінің арқасында мүмкін болған.