Алмас Өтешов жұлқа көтеру жарысын 175 кг салмақпен аяқтады

Алмас Өтешов Парижде өткен Әлем чемпионатында жұлқа көтеруде 175 кг салмақты бағындыра алмай жарты жолдан шығып қалған. Енді ауыр атлеттің жаттықтырушылары алғашқы мүмкіндігінде 169 келіге тапсырған. Алмас Өтешов ол салмақты еш қиындықсыз еңсерді.

Жұлқи көтеруден екінші ретінде 173 келі салмаққа тапсырыс берген болатын. Бірақ Алмас оны бағындыра алмады. Жіберіп алған есесін қайтару үшін үшінші мүмкіндігінде ауыр атлет бірден 175 келі көтеруге бел буып, соны еңсерді. Сонымен ол жұлқи көтеруде жалпы есепте 8-орында.