"АЛМА-ТВ" компаниясы Талдықорған қаласында өз өкілдігін ашты

Талдықорған "АЛМА-ТВ" кабельдік телеарналарының қызметі көрсетілетін республикадағы оныншы қалаға айналды. "Талдықорған нарығына шығу біздің компаниямыздың Қазақстанда алатын орнының аясын кеңейту жолындағы тағы бір қадам деп білгейсіздер. Біз өзіміздің басты стратегиялық жобаларымыздың бірі - республикалық кабель торын құру ісін жүзеге асыруды табысты жалғастырып келеміз", - делінген компанияның хабарламасында.

Ендігәрі қала тұрғындары бүкіл әлемдегі әртүрлі телеарналардың бұрынғыдан да көп мөлшерін көруге мүмкіндік алады. "Жоспардағы арналар топтамасы (шамамен 70) кез-келген көрерменге өз қызығушылығына орай, өз ынтасына қарай бағдарламаға ие болуға жағдай жасайды", - деп атап көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Компания Талдықорғандағы қызметі ең жоғарғы стандарттар деңгейінде беріледі деп сендіруде. "Талдықорғанда кабель торын құру ең жаңа технология бойынша іске асырылуда. Бұл өз кезегінде телевизиялық сигналдың ең жоғарғы деңгейіндегі сапасын беруге қызмет етеді", - деді компания өкілдері.

Компания өкілдері, сондай-ақ, осы жылдың аяғына дейін осы қаланың тұрғындары "АЛМА-ТВ" кабельдік телеарнасына қосылу кезінде қызметтерге жеңілдік алатындығын хабарлады. "Жаңа өкілдік аша отырып біз қала тұрғындарын бізбен осы оқиғаның қуанышын бірге бөлісуге шақырамыз. Сонымен қатар, осы оқиға бойынша таңғажайып жеңілдіктер маусымын жариялаймыз", - делінген компания хабарламасында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті