Желіде вокзалдағы өрт туралы және жарылғыш заттың болуы мүмкін деген хабарлама тарап кетті.
ТЖД өрт туралы ақпаратты жоққа шығарды. Жарылғыш зат туралы ресми мәлімдеме әлі жасалған жоқ.
Айта кетейік, бүгін Алматының бірнеше ауданында белгісіз біреулер оқ жаудырды - қазір Алматыдағы ҰҚКД ғимараты, Абылайхан көшесі толығымен, Абай даңғылы қоршауға алынды.
Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері мен белгісіз біреулердің арасында қарулы қақтығыс болған. Алдын ала деректер бойынша, полиция арасында жарақат алғандар бар. Қалалық ІІД Алматы қаласы аумағында терроризмге қарсы операция жүргізу туралы жариялады.
Бүгін, 18 шілде күні, Астана уақытымен 12:20-да Алматы қаласының аумағында террористік қауіптіліктің қызыл деңгейі белгіленді, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.
«Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын аталған деңгейде қарастырылған талаптарды сақтауға шақырамыз», - делінген хабарламада.