Алматы академиясы базасында жаңа арнайы факультеттер ашылды

Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін дайындау және арттыру туралы тапсырмасы аясында полиция басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарларынан бастап аумақтық полиция департаменттерінің бастықтарына дейінгі басшы құрам лауазымдарына барлық тағайындаулар, сондай-ақ Президенттік кадр резервіне кандидаттарды қабылдау көрсетілген факультеттерде оқудан өткеннен кейін ғана жүргізілетін болады, – деп хабарлады министр Академияның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу кезінде. 

Ведомство басшысының мәліметінше, тыңдаушылардың бірінші легі осы жылдың 29 наурызында келеді. Дәріскерлер пулына ІІМ орталық аппаратының басшылары, ІІО ардагерлері, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, қазақстандық және шетелдік көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері кіреді.

Министрге ғылым, білім және полицияның практикалық қызметін интеграциялау мақсатында Академияда ғылыми-зерттеу институтын құру жобасы, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық, стратегиялық даму, идеологиялық және имидждік жұмысты жобалық басқару бөлімдері таныстырылды. 


Бұл өзгерістердің барлығы ішкі істер органдарын реформалау шеңберінде жүзеге асырылуда. Ведомстволық білім беруді дамытуға баса назар аудара отырып, біз жаңа форматтағы кадрлар даярлаудың іргетасын қалаймыз. Алматы Академиясы қызметінің басым бағыты заманауи талаптарға жауап беретін жоғары білікті қызметкерлерді даярлау болады, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.