Алматы әкімдігі аппаратының жетекшісі тағайындалды

"Қала әкімі Ахметжан Есімовтың бұйрығымен 2008 жылдың 14 мамырында бұған дейін Алматы қаласының өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаментінің директоры қызметін атқарған 39 жастағы Ербол Шорманов Алматы әкімдігі аппаратының жетекшісі болып тағайындалды ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, қала әкімі А. Есімов әкім аппараты жетекшісіне жаңа қызмет орнында жемісті жұмыс тіледі.

Ербол Шорманов Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің кедендік бақылау Комитетінің "Байқоңыр" кеденінің бастығы, Алматы облысы бойынша Кедендік басқармасы бастығының бірінші орынбасары, көліктегі қаржы полициясы басқармасының аумақаралық анықтаудың аға инспекторы қызметін атқарған.

"Алматы қаласының өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаменті директорының қызметін атқару директордың орынбасары Альфия Баловаға уақытша жүктелді ", -деп хабарлады баспасөз қызметі.