Бүгін Алматының ауданаралық экономикалық соты көшедегі теректер оталып, одан паркет жасалып жатыр деген табиғат жанашырының мәлімдемесін негізсіз деп тапты. Сот осыны әу бастан өтірік деп, моральдық шығындарын 15 млн-ға бағалаған әкімдіктің де талабын қанағаттандырған жоқ. Елеусізов тек мың 800 теңге мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс. Эколог мұның өзін билік тарапынан жасалған қысастық деп отыр.