Алматы әкімдігі мен қаланың бизнес-құрылымы 20 млрд. теңгенің келісіміне қол қойды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қол қойылған келісім аясында спорт клубтарын, аулаларда балалар ойнайтын алаң, мектепке дейінгі білім беру мекемесін құру және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған адамдарға қолдау көрсету қолға алынбақ.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында кәсіпкерлердің зор рөл атқаратынын қадап айтты.

«Мен сіздерге біздің түрлі әлеуметтік жобаларды құру туралы ұсынысымызға мән беріп, осында келгендеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Біздің елдегі бизнес әлеуметтік жауапкершілік танытып жатқаны қуантады», - деді Б.Байбек.