Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Сот Е.Рычковты жалпы режімді түзеу колониясында жазасын өтеуге бес жылға бас бостандығынан айырды», делінген бүгінгі хабарламада.
Сот Е.Рычковқа жаза тағайындау кезінде 2014 жылғы 21 қаңтарда 175-бап (ұрлық) бойынша шығарылған үш жыл сынақ мерзіммен төт жылға шартты түрде бас бостандығын шектеу үкімін ескере отырып, жартылай өткермеген жазасын қосты.
Биыл13 қаңтарда Е.Рычков Алматы әкімдігінің ғимаратына сөмке алып кірген. Сөмке ішінде жарылғыш заттың муляжы болған. Ол келушілерге арналған бөлмеге кіріп жауып алған. Содан кейін ол күзет қызметшісінен адамдарды дереу сыртқа шығаруды және келіссөздерге дайындалуды талап еткен.
Е.Рычков қолындағы сөмкеде "тротил бар" деп мәлімдеген. Әкімдіктен барлық қызметкерлер сыртқа шығарылып, ғимаратты полицейлер қоршауға алды. Екі сағатқа созылған келіссөздерден кейін ер кісі өз еркімен полицияның қолына берілген болатын.