Алматы әкімдігін жармақ болған азамат қамауға алынды

Оған «Терроризм туралы жалған ақпар таратты» деген айып тағылған. Егер қылмысы дәлелденсе алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Өткен сейсенбіде 37 жастағы Евгений Рычков  Алматы әкімдігіне кіріп, ғимаратты жарамын деп байбалам салған еді. Кейін шабаданымда 23 келі тротил бар деген азамат полицияға өзі берілді. Дегенмен бұл жазасын жеңілдетпесі анық. Қаланың бүкіл шұғыл қызметін аяқтан тік тұрғызған Рычков осылайша өзіне қатысты шыққан сот шешіміне наразылық білдірмек болған екен.  

Loading...