Алматы әкімі әлеуметтік желілерге қырағы қарайды

«Әлеуметтік желілерге өте тыңғылықты қараймын. Мәселен, бүгін таңертең айфонымды алып, ол жақта не болып жатқандығын, Алматы туралы не айтатындықтарын қарадым», - деді А.Есімов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол ғаламтор бетіндегі жазбалардың барлығымен бірдей келісе бермейтіндігін баса айтты. «Дегенмен, бұл ой-пікір білдіру әрі мен білуге тиістімін. Сондықтан бұған барынша байыппен қараймын», - деді ол.