Алматы әкімі колледжде болған жарылыстың себебін шұғыл анықтауды тапсырды

Оның тапсырмасы бойынша қазір әкімнің орынбасары Юрий Ильиннің басқаруымен арнайы комиссия құрылды.

Сонымен қатар,  қала басшысы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына төтенше жағдайдан жапа шеккен адамдардың денсаулығына аса мән беруді қатаң тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Алматыдағы Сән және дизайн колледжі ғимаратының екінші қабатында Бастапқы әскери дайындық сабағында жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 1 қыз оқиға орнында қаза болып, 8 адам, (оның ішінде оқытушы да бар) жапа шекті. 60 адам қауіпсіз  жерге көшірілді.