Caravan Logo

Алматы әкімі қаладағы кейбір үйлерге жылу берілмеу себебін анықтауды тапсырды

Алматы әкімі қаладағы кейбір үйлерге жылу берілмеу себебін анықтауды тапсырды

«Мен мұндай бассыздықты биыл бірінші рет көріп отырмын. Аудан әкімдері мен энергетика басқармасы бойынша ұсыныс әзірлейсің, өзің әзірлеп тапсырасың. Аппаратпен бірге сол үйлерге бар. Кім кінәлі: ПИК ме, әкімдер ме әлде, басқарма ма? Осы жағын анықтап, маған хабарла», - деді әкім сәрсенбі күнгі кеңесте аппарат басшысына.

«Биыл жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы былтырғыдан екі есе көп. Республикалық бюджеттен де мол қаржы бөлінді. Жылу нысандарын қысқа даярлауға бөлінген қаржы былтырғыдан 134% артық. Нәтижесі не болды?», - деді А.Есімов.