"Қабылданған шешімге келетін болсақ, мен оны толық қолдаймын. 1 қаңтардан бастап рулі оң жақта орналасқан автомашиналарды әкелу мен 2010 жылдан бастап оларды қолданыстан алып тастау мақсаты қойылды. Мерзім анықталды, менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім, осы ретте біз жұмыс жасаймыз",- деді И.Тасмағамбетов дүйсенбі күні Рысқұлов даңғылы, Сейфуллин және Жансүгіров көшелерінің қиылысында салынып жатқан автомобиль айрығының жаңа көпір эстакадасында қозғалыстың ашылу рәсімінен кейін өткен брифингте.
Әкім журналистерге жаңадан енгізілген тәртіптің негізделгенін дәлелдейтін статистикамен танысуды ұсынды.
"Республикада, жалпы 103 мыңға жуық оң жақ рульді автомашиналары бар, олардың 63 мыңы біздің қалада. Бұл 60 пайыз. Өсім қарқыны мынандай: 2004 жылдың 1 желтоқсанында қалада 3 мың оң жақ рульді автомашина болса, 2005 жылдың 1 желтоқсанында бұл сан 37 мыңға артты, ал 2006 жылдың 1 қазанында олардың саны 63 мыңды құрады",- деді әкім.
Демек, оның атап көрсеткен статистикалық мәліметі бойынша, "ағымдағы жылдың 10 айында қаламызда оң жақ рульді автомобильдер себепкер болған 2200 жол апаты болды. Бұл апаттарда 45 адам қаза болып, 270 адам түрлі ауыртпалықтағы жарақаттар алды".
"Осыдан келіп, оң жақ рульді машиналардың қаншалықты қауіпсіз екендігін анықтауға болады. Сондықтан, орта таптың экономикалық жетістігі мен ЖКА мүмкін болған зардаптар арасындағы таңдау денсаулық пен қауіпсіздік жағына қарай шешіледі деп мен есептеймін",- деп атап көрсетті И.Тасмағамбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті