"Қала басшысы Алматы қаласында қордаланып қалған көптеген проблемаларды шешу жоспарын, соның ішінде тоқтап қалған құрылыс нысандары мен үлескерлердің проблемасын шешу жайын әңгімеледі.
Басқарма ақпаратына сәйкес, кеңеске сондай-ақ, "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбеков қатысты. Бұл оның қала басшылығымен бірінші көшпелі отырысы, оған Алматы қаласының әкімі бірден қолдау көрсетті. "Партияның қарапайым мүшелері-біздермен осындай қоян-қолтық қарым-қатынас орнату біз үшін және жалпы фракцияның жұмысы үшін маңызды", - деді А. Есімов.
Ә. Жақсыбеков өз кезегінде "қала басшылығының партия жоспарларын жүзеге асыруға белсене атсалысатынына сенім білдірді". "Қазақстандықтардың әл-ауқаты мен еліміздің гүлденуі - біздің басты мақсатымыз. Біз осы бағытта жұмыс жүргізе отырып, баршасымен диалог орнатуға тиіспіз", - деді Ә. Жақсыбеков.