Алматы әкімі ұшақ апаты болған жерге барды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алматы қаласының әкімі қазір әуежайда. Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан тоғыз адам қайтыс болды, тағы 9 адам жарақат алды. Оның ішінде 6 бала бар.

ҚР ІІМ ТЖК хабарлауынша, апат әуе кемесін ұшыру кезінде болған. Қазіргі уақытта адамдар эвакуациялануда.

Бортта барлығы 100 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болды.

Зардап шеккендер үшін сенім телефоны жұмыс істейді. Арнайы үкіметтік комиссия құрылды, оны Асқар Мамин басқарады.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдай туралы айтты. Мемлекет басшысы апатта қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.