Алматы әкімінің жаңа орынбасары таныстырылды

Сұлтанбек Мәкежанов 1961 жылы Жамбыл облысында туған.

Еңбек жолын "Карагандапромстрой" тресінің шебері, инженер-геодезист болып бастаған. Алматы теміржолы комсомолының хатшысы болған.

1990 жылы "Интернационалист" МЖК инженері, 1990-1992 жылдары «Халық қазынасы» кәсіпорны төрағасының орынбасары, "Саян" ЖШС, "Астана-Холдинг банк" АҚ, "Казахинвест" корпорациясы, "Аэлита", "Сириус" ЖШС басшылығында қызмет атқарған.

2002 жылы Манғыстау облысы әкімінің орынбасары, 2004 жылы облыс әкімінің орынбасары, 2005-2006 жылдары Алматы әкімі аппаратының басшылығында қызмет еткен.