Алматы әкімшілігі 161 адамға арзан баспананы заңсыз бөлген

"Қазіргі уақытта, Алматыдан заңсыз пәтер берілген 161 тұлға анықталып отыр",- делінген аталмыш құжатта.

Агенттіктің қолындағы тізімге сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істейтіндігі туралы жалған анықтамамен жүзден астам адам баспана алса, басқа да мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері ретінде қырықтан астам адам баспаналы болған. Сондай-ақ, арзан баспана алғандардың көбісі жеке кәсіпкерлер. Заңсыз пәтер алғандардың тізімінде бұрын баспаналары бар адамдар да кездеседі.

Қазіргі уақытта, Бас прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, заңсыз баспана алу деректері бойынша 40-тан астам іс сотқа жіберіліп, тағы бірнеше іс қарауда жатыр.

Сонымен қатар, прокуратурадағылар 2006 жылдың қазанында пәтер бөлу барысында оң шешім қабылдау үшін пара алу үстінде ұсталған Алматы қалалық тұрғын үй департаментінің бастығы Нұғман Асқаровтың үстінен қылмыстық іс қозғалғандығын еске сала кетті. Кейіннен департаменттің бұрынғы басшысына қатысты осы тектес деректер бойынша тағы бес қылмыстық іс қозғалған. Қазір аталмыш қылмыстық істер Алматы қаласының Бостандық ауданының сотында қаралуда. Департаменттің бұрынғы бастығының "Мамыр-4" ықшамауданынан алған пәтері тәркілеп алынды.

Алматыдан заңсыз баспана алғандардың тізімімен танысуға болады. 21-ақпандағы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Бас прокурордың баяндамасына кірген тұрғын үй және жер заңдарын бұзу дерегі туралы мәліметтермен
таныса аласыздар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті